Ақтауда 10 мыңнан астам бала жолақыны екі есе артық төлеп келген
Ақтау қаласында балалар осы уақытқа дейін қоғамдық көліктегі жол ақысын өздеріне арналған жеңілдетілген бағамен төлей алмай келген. Себебі автобустарда балалар тарифіне арналған QR-кодтар болмаған. Сондықтан олар жолақыны ересектермен бірдей, жалпы тариф бойынша төлеуге мәжбүр болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл жағдайды қала прокуратурасы жолаушылар тасымалы саласына жүргізген тексеру кезінде анықтаған. Яғни балаларға жеңілдетілген тариф қарастырылғанымен, оны пайдалану үшін қажет QR-код автобустарда болмаған.
"Соның кесірінен кәмелетке толмаған жолаушылар жеңілдікті пайдалана алмай, жолақыны жалпы тарифпен төлеп жүрген. Тексеруден кейін жергілікті атқарушы органға бұл мәселені шешіп, балалардың жеңілдетілген тарифпен жүруіне жағдай жасау тапсырылды. Нәтижесінде олардың жеңілдікпен жүру құқығы қалпына келтірілді", – делінген прокуратура хабарламасында.

Прокуратураның мәліметінше, осы уақытқа дейін 10 мыңнан астам бала жолақысын екі есе төлеп жүрген.
"Миллиондар жоғалттым": Қазақстандықтар трейдингпен айналысамын деп сан соғып қалғандарын айтты
"500 мың теңгеге курс алып, бүкіл депозитімнен айырылдым"
"Жұмыстан шығаруға негіз емес": Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер